Польшаның Быдгощ қаласында «Қазақ елі» мәдени орталығы ашылды.
Быдгощ — елдің солтүстігіндегі ірі өнеркәсіп орталығы әрі қарқынды дамушы шаһарлардың бірі.Ұлтымыздың мәдениетін, салт-дәстүрін дәріптеу, еліміздің тарихы мен бүгінін кешенді таныту мақсатын көздейтін жаңа орталық Быдгощтың беделді жоғары оқу орындары қатарындағы Экономика жоғары мектебінде орналасқан. Бұл мектеп пен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің арасында тығыз ынтымақтастық бар екен.Келер жылы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында «Поляк мәдени орталығын» ашу көзделіп отыр.