Петропавлдағы Оқушылар сарайында жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиада жеңімпаздары марапатталды.
Биылғы білім сайысына 9-11 сыныптардың 550 оқушысы қатысып, өз білімдерін сынады. Оқушылары 32 жүлдені иемденген Әбу Досмұқамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия командалық есеп бойынша қалалық оқу орындары арасынан бірінші орынға шықты. Ауыл мектептері арасында «Үздік олимпиадалық команда» атағын Есіл ауданы жеңіп алды. Бұл ауданның оқушылары 11 жүлделі орыннан көрінген болатын.