«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЗСУ ТАПШЫ

Мамлют ауданындағы Воскресеновка ауылдық округінің тұрғындары көптен бері таза ауызсу тапшылығын көріп келеді. Облыс орталығынан 50 шақырымдай жерде орналасқан елді мекен тұрғындары өздерін қажытқан бұл мәселені ауылдық округке есеп бере келген аудан басшылығының назарына тағы бір салды.

Үш елді мекені бар Воскресеновка ауылдық округінде 1300-ге жуық адам тұрады. Воскресеновкадағы негізгі қоғамдық орын – Мәдениет үйі. Өткен ғасырдың ортасында салынған ғимарат тозғанымен, мұнда келіп, рухани азық алып қайтушылар қатары азаймаған. Сондықтан оның жылыту жүйесінің жөнделуі ауылдықтар үшін өте маңызды болып отыр.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Рустам Ғаббасов бұл жағдайдан хабардар екенін және алдағы уақытта негізгі қазандықты жөндеуге қаржы бөлінетінін айтып, уәде берді.

800-ге жуық тұрғыны бар Воскресеновкада мұнарадан ауызсу күніне небәрі бір сағат қана беріледі. Мұнарадан алыс тұратындар кейде су алып үлгере алмайды. Сондықтан ауызсуды Мамлюткаға барып сатып алып келетіндер де бар. Ал мал ұстайтын үйлерге өз құдығы болмаса тіптен қиын.

Аудан басшылығынан жағымды жаңалық күткен жұртшылықты Рустам Ғаббасовтың берген жауабы қуанта қоймады.

– Су тарту мәселесін әлі қарастырып жатырмыз. Биыл бірнеше елді мекенге санация әдісі бойынша су жібереміз деген жоспарымыз бар. Воскресеновкаға қатысты әлі нақты шешім жоқ, – деді ол.

Есепті кездесуде тұрғындар тарапынан ауылда дәріхана ашу туралы өтініштер де келіп түсті. Жалпы Мамлют ауданы бойынша дәрігер тапшы. Аудандық аурухананың өзіне 12 маман қажет.

Мағжан АХМАДИНА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp