Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша “100 нақты қадам” Ұлт жоспарында әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып, тек мұқтаж азаматтарға ғана беру қажет екенін атап өтті.
Мемлекет тарапынан қиын жағдайға тап болған халықтың әлжуаз тобына бірреттік әлеуметтік көмек көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысымен Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидалары бекітілді.
Үлгілік қағида бойынша бұрын қолданыста болған жергілікті өкілетті органдардың шешімдеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына төленетін әлеуметтік көмектің қосымша түрлерінің орнына өңірде мереке күндері мен атаулы күндерге, сондай-ақ, өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсету қарастырылған.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің №356 қаулысымен атаулы күндер мен мереке күндерінде көмек алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің бірегей мөлшері келісілді.
– Үш атаулы күн: 15 ақпан – “КСРО әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылған күні” – 15 АЕК, 26 сәуір – “Чернобыль атом электр стансасындағы апат құрбандарын еске алу күні” – 15 АЕК, 31 мамыр – “Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні” – 15 және 7 АЕК;
– Төрт мереке күні: 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні – 5 АЕК, 7 мамыр – Отан қорғаушы күні – 5 АЕК, 9 мамыр – Жеңіс күні – 100 және 5 АЕК, 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні – 10 АЕК.
Облысымыздың аудандары мен Петропавл қаласында Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға тіс протездеуге, санаторий-курорттық емделуге, госпитальде ем қабылдауға, коммуналдық қызметті төлеуге және отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, сондай-ақ, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға, бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұрмыстық мұқтаждықтарына, жоғары оқу орындарда күндізгі бөлімде оқитын аз қамтылған отбасылардағы студенттердің білім алуына, дене және (немесе) ақыл-ой кемістігі бар азаматтарға, әлеуметтiк мәнi бар аурулары және айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулары бар азаматтарға емделуге, төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен азаматтарға құжаттарын қалпына келтіруге, бірінші қажеттілік тауарларын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды.
Азаматтар өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсету үшін кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне, ауданның (қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне және “электронды үкіметтің” www.egov.kz веб-порталына жүгіне алады.
Марина МАРКОВА,
облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының бөлім басшысы.