«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АСТАНАДА ҚОЛҒА ТҮСТІ

Өңір тәртіп сақшылары жазадан жалтарған Айыртау ауданының екі тұрғынын Астана қаласында ұстады.

Қарақшылық шабуыл жасағандары үшін жазаға тартылған азаматтар шартты түрде мерзімдерінен бұрын босатыла салысымен, тағы заң бұзған. Тұрғылықты мекенжайларын тастап, белгісіз бағытта бой тасалағандарға қатысты іздеу жарияланған болатын.

Айыртау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері сотталғандардың туыстары мен таныстарынан сұрастыру нәтижесінде олардың Астана қаласында екендерін анықтаған. Қылмыскерлердің ісі сотта қайта қаралып, айыптары дәлелденсе, олар бас бостандығынан айыру орындарына жіберіледі.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp