«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ИММУНДАУ – АУРУДАН ҚОРҒАН

Иммундық жүйенің негізгі міндеті – ағзаны бөтен, зиянды заттардан қорғау. Мәселен, жаңа туған нәрестенің ағзасы әлсіз болады. Ана сүті сәбидің қорғаныш қабілетін арттырып, түрлі микробтардан қорғайды. Иммунитеттің төмендеуінің себептері көп. Қорғаныш қабілеті әлсіз балалар көп жағдайда ауру жұқтыруға бейім болып келеді және күйзеліске төзбейді. Сондықтан адамның қорғаныш қабілетін үнемі арттыру қажет.

Бүгінгі таңда ағзаны екпенің көмегімен иммундау арқылы 30-дан астам жұқпалы аурудың алдын алуға болады. Ағзаның қорғаныш қабілетін арттырудың нәтижесінде жыл сайын миллиондаған адамның өмірі құтқарылуда. Ағзаны иммундау арқылы сіреспе, қызамық, менингит, бауыр обыры (гепатит В салдарынан), гемофилдік инфекция (Hib) ауруларының алдын алуға болады. Егер ағзаның қорғаныш қабілеті төмен болса, жүкті әйелдер түсік тастап, бала сал болып тууы ықтимал. Сондай-ақ, полиомиелит, қызылша сияқты тағы басқа созылмалы инфекциялық аурулардың туындауы мүмкін.

Жәния ӘБІШЕВА,  облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің  бөлім басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp