«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ИПОТЕКА ШАРТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

“Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің” басшысы Ләззат Ибрагимова 2 пайыздық ипотеканы беру шарттарын түсіндірді.
– Сәуір айында “Нұрлы жер” бағдарламасына өзгерістер енгізіледі. Онда 2 пайыздық ипотеканың нақты шарттары көрсетілетін болады. Бюджеттен ақша бөлінгеннен кейін біз кредиттік келісімшартты рәсімдейміз де, жеңілдетілген баспана несиелерін беруді бастаймыз, – деді Ләззат Ибрагимова. Оның айтуынша, жаңа бағдарламамен барлық аймақтарды қамту жоспарланған.

– Біз шағын қалаларда, моноқалаларда және аудан орталықтарында да несие беруді көздеп отырмыз. Себебі, елді мекендерде де көпбалалы және толық емес отбасылар бар. Осыған байланысты Үкімет 2 пайыздық несиелерге қолданыста болған үйлерден пәтер сатып алуға рұқсат берді. Осы бағдарламаға биыл республикалық бюджеттен 50 миллиард теңге түсуі керек. 2020 жылы 50 миллиард және 2021 жылы тағы осынша сома беріледі, – деп атап көрсетті банк басшысы.
Аталған несие көпбалалы, толық емес және мүгедек балалары бар отбасыларға берілмек. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі айлық табыстың шекті мөлшерін белгіледі. Одан жоғары алатындарға төмен пайызбен несие алуға рұқсат берілмейді. Министрлік әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға берілетін баспана несиесінің ай сайынғы төлемақысын да жариялады. Тұтынушылық несиесі бар отбасылар да аталмыш тұрғын үй несиесін алу мүмкіндігіне ие.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp