«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДОМБЫРА ПІШІНІНДЕГІ ФОНТАН

Алматыда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аумағында домбыра пішініндегі субұрқақ орнатылды.

Ерекше субұрқақ консерваторияның үлкен концерт залы алдындағы алаңқайда, Құрманғазы ескерткіші жанында салынды. Жоба авторларының ойынша, 40-қа жуық шам жарықтандырып тұратын арт-нысан ұлы күйшінің атын иеленген өнер ордасына көрік бермек.    

Домбыра — қазақтың музыкалық мәдениетіндегі шоқтығы биік аспап, ықылым замандардан осы күнге дейін халықпен бірге жасасып келе жатқан  қазақ халқының ұлттық бренді.  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 13 маусымындағы қаулысымен шілде айының бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып  бекітілген болатын. Сондай-ақ, домбырада қазақтың дәстүрлі күйлерін орындау өнері ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұралары тізіміне енген. 

 www.inform.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp