«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ” ЖҮРІП ЖАТЫР

Бүгін еліміздің барлық өңірлерінде “Жолда қабылдау” республикалық акциясы өтіп жатыр. Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті мамандары “Южный” бақылау-өткізу бекетінде Петропавл қаласы тұрғындары мен қонақтарын қабылдап, сауалдарына жауап беруде.
Ашық аспан астындағы қоғамдық қабылдауға келушілер – негізінен көлік жүргізушілері. Олар полицейлерге жол қауіпсіздігі мен көші-қон заңнамасы, автокөліктерді тіркеу, қайта жабдықтау, құжаттар алу, әкімшілік айыппұлдарды төлеуге қатысты сұрақтарын қоя алады. Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Думан Таев таңғы тоғыздан түске дейін 40-тан астам жүргізушіге құқықтық кеңес бергендерін айтады. Жүргізушілерді көбіне көші-қонды рәсімдеу және қайта жабдықталған көліктерді тіркеу мемлекеттік қызметтеріне қатысты сұрақтар қызықтырған.
Тұрғындарды қабылдау акциясы ертеңгі күні де жалғасын табады. Ол Петропавл қаласының 20-шы шағынауданында орналасқан “City Mall” сауда-ойын-сауық кешенінде өтеді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp