Қостанай қаласында ардагерлер мен жастар арасында гір спортынан ел біріншілігі өтті. Турнирге 25 солтүстікқазақстандық қатысып, жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды.
Жастар арасында сынға түскен Артем Головин (73 кг.) жеңімпаз атанды. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері 32 килограмдық гір тасын 10 минутта 127 рет көтеріп, ел рекордын жаңартты. Жасөспірімдер арасындағы жекелей сында Валентин Федоровский (73 кг.) мен Ербол Дайырбай (85 кг+.) жеңістің бірінші сатысына көтерілді. Жерлестеріміз Валентин Генрих (85 кг.), Руслан Айдаков (63 кг.), Дмитрий Акишин (85 кг.) мен Евгений Клочун (95 кг.) жас ерекшеліктеріне қарай жүлделі екінші орынға ие болды. Тағы бір жерлесіміз Амандық Серікбол чемпионат қорытындысы бойынша гір көтеру спортынан спорт шебері нормативін орындады.
Әйелдер арасында Любовь Синько (53 кг.), Наталья Третьякова (58 кг.), Марина Евич (68 кг.) және Сабина Шпеттер (68+ кг.) екінші болса, Эльмира Салимова бұл салмақта үздік үштікті түйіндеді.
Қанат АТАМАНОВ, “Soltústik Qazaqstan”.