Жаңа автокөлік сатып алып жатқан он қазақстандықтың алтауы отандық өндірушіні таңдайды екен.
Биылғы жылдың алғашқы екі айында қазақстандық автоөндірушілер 5,6 мың көлік құрастырып шығарған. Қаңтар айының қорытындысы бойынша жеңіл көлік сегментінде қазақстандық өндірістің үлесі 50,6-дан 61,2 пайызға дейін артты. Тиісінше импорт үлесі азайды: бір жылда 49,4-тен 38,8 пайызға қысқарды. Қазақстанда құрастырылған жеңіл көліктер арасында Lada, Hyundai, KIA, Chevrolet және Skoda сұранысқа көбірек ие екен. Отандық кәсіпорындар ұсынатын маркалар тізімінде сондай-ақ JAC , UAZ және Peugeot бар.
kaz.tengrinews.kz