
Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ауыл шаруашылығы саласында, ғарыштық зерттеулерде қолданылатын әмбебап кешеннің шағын үлгісін жасады.
Кешен адамның көмегінсіз жер жырту, егін егу, тіпті қартоп қазу сияқты жұмыстарды орындай береді. Ол үшін робот-комбайн бірнеше арнайы модульмен жабдықталған. Қажетті бағдарламаны таңдап, оның жұмысын қашықтықтан бақылап отыруға болады. Кешен жанар-жағармаймен емес, күн сәулесінен қуат алып, жұмыс жасайды.
Жас конструкторлар «Pigeon-1» деп атаған кешен Қызылордада өткен ғылыми жобалар байқауында 3-ші орынның жүлдесін иемденген.