
Волейболдан әйелдер командалары арасындағы XXVII ел біріншілігі аяқталды. Додада Ұлттық лига шеберлері тартысқа түсті.
Плей-офф сынының 1-4 орындары үшін бәсеке Талдықорған қаласында, ал 5-8 орындары үшін ойындары облыс орталығындағы Спорт сарайында өтті. Бес күнге созылған сайыстың нәтижесінде жергілікті «Қуаныш» командасы «Астана», «Алматы» және «Қарағанды» командаларынан басым түсіп, турнир кестесінде бесінші орынға тұрақтады. Өскемендік «Алтай» командасы біріншіліктің жеңімпазы атанса, оңтүстікқазақстандық «Жетісу» мен павлодарлық «Ертіс-Қазхром» командалары сәйкесінше екінші және үшінші орындарға жайғасты.