«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТОҒЫЗ ЖАСАР ҚЫЗДЫ СОҒЫП КЕТТІ

Петропавл қаласында «КамАз» жүк көлігінің жүргізушісі тоғыз жасар қызды соғып кетті. Оқиға Жамбыл және Абай көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер жолында болды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 54 жастағы жүргізуші жаяу жүргінші жолын байқамағанын айтып ақталған. Облыстық наркологиялық орталықтың актісіне сәйкес, ол спирттік ішімдік ішпеген. Ал соққының салдарынан дене жарақаттарын алған қыз облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша материалдар жиналуда.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp