Петропавл қаласындағы Мағжан Жұмабаев және Кәрім Сүтішев көшелерінің қиылысындағы “Dostyk MALL” сауда-ойын-сауық орталығының құрылыс алаңында өрт шықты.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің өрт сөндіру қызметінің мамандары оқиға орнына жеткенде жалын 30 шаршы метрге жайылып үлгерген. Өрт нысанның қосалқы үй-жайынан шыққанын анықтаған қызметкерлер дереу жалынды сөндіруге кірісті. Нәтижесінде тілсіз жау түнгі сағат 1:46-да ауыздықталды. Жалынмен күреске жеке құрамның 46 қызметкері жұмылдырылып, жергілікті өрт сөндіру бөлімдерінің және “Өрт сөндіруші” акционерлік қоғамы облыстық филиалының 15 техникасы тартылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Бүгінгі таңда оқыс оқиғаның себебі мен одан келген шығын көлемі анықталуда.
Евгений ЖУРАВЛЕВ, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының бас маманы.