«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДӘСТҮРЛІ ТУРНИР

Петропавл қаласындағы дарынды балаларға мамандандырылған облыстық спорт мектеп-интернатында грек-рим күресінен КСРО-ның құрметті спорт шебері, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы Жамбыл Тасеменов атындағы дәстүрлі республикалық турнир өтті. Сайысқа еліміздің сегіз өңірінен 100-ге жуық жасөспірім қатысып, боз кілемде шеберліктерін көрсетті.

Бұл бәсеке осымен он төртінші рет өткізілді. Турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Асылбек Әлдіменов Қызылжар өңірінде спорт саласының, оның ішінде күрес түрлерінің жақсы дамып келе жатқанын атап айтты.
Шараға қатысқан спорт саласының ардагерлері Жамбыл Серғазыұлының күрестегі жетістіктерін, оның Қазақстан спортындағы айтулы тұлға екенін тілге тиек етті. Жамбыл Тасеменов өз кезегінде жарысты ұйымдастырушыларға шынайы ризашылығын білдірді.
Екі күнге созылған сайыстың қорытындысы бойынша Мерхат Мұратов (55 кг., Павлодар қ.), Ақжол Тұяқов (60 кг., СҚО), Денис Жақсылықов (63 кг., Ақмола обл.), Жеңіс Кәкенов (67 кг., “Жеңіс” мектебі), Зелимхан Усманов (72 кг., СҚО), Айбек Балабаек (77 кг., Алматы обл.), Шамиль Батыров (82 кг., Шымкент қ.), Нұркен Дүйсенғалиев (87 кг., Атырау қ.), Жанат Қайыржанов (97 кг., М.Жұмабаев ауд.) және Жанарбек Қабдолов (130 кг., СҚО) үздік деп танылды.

 

Қанат АТАМАНОВ, “Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp