«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕЗЕКТЕН ТЫС ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ ӨТЕДІ

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы  Қазақстан халқына үндеу жариялап, биылғы маусым айының  9-да елімізде кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы шешім қабылдағанын айтты.    

«Бүгін елімізге және әрқайсымызға қатысты аса маңызды үндеу жариялағалы отырмын. Еліміздің Конституциясына сәйкес ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын  2019 жылдың 9 маусымда өткізу туралы шешім қабылдадым. Мен бұл жауапты шешім бойынша  Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен ақылдастым. Парламенттің қос палатасының спикерімен, Премьер-Министрмен кеңестім. Конституциялық кеңестің келісіміне жүгіндім. Парламенттегі партия жетекшілерімен кездестім. Кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдау өте маңызды әрі қажетті қадам», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp