«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 9 маусымда өткізу туралы кешегі  шешіміне байланысты «Ауыл» партиясы мәлімдеме жасады.  

«Президенттің кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдауын  мемлекетшілдік мұраттан туындаған қадам деп қабылдаймыз. Билік транзитіне байланысты ел арасында екіұдай пікір қалыптаспауы үшін тек Конституция талаптарына жүгініп, халықтық сайлау жариялау — бүгінгі Қазақстан қоғамы үшін оң шешім, әрі ел билігінің әлемдік қауымдастық алдындағы міндеттері тұрғысынан да мүлт кетпегенін көрсететін маңызды қадам», — делінген мәлімдемеде.

Бұл еліміздің ертеңі үшін аса маңызды саяси шешім деп бағалайды «ауылдықтар», сондықтан «Ауыл» халықтық-демократиялық, патриоттық партиясы  өз мәлімдемесінде Қазақстан Республикасының әрбір азаматын еліміз үшін осынау сындарлы сәтте азаматтық белсенділік танытуға, барша өкіметтік және қоғамдық институттарды кезектен тыс президенттік сайлаудың мейлінше әділ, әрі ашық өтуіне атсалысуға шақырды.

 www.inform.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp