«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ПЛЕНУМЫ ӨТЕДІ

Алдағы сенбі, сәуірдің 13-і күні «Ақ жол» партиясы  Орталық кеңесінің пленумы өтеді деп жоспарланған. Онда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына орай партия съезін шақыру мәселесі талқыланбақшы.

«Сайлауға қатысу туралы, әсіресе партия атынан шығатын үміткерлер туралы шешім партия съезінде ғана қабылданады. Партия съезі партияның орталық кеңесінің шешімімен шақырылады. Пленумда съезді өткізу күні анықталады, барлық заңды процедуралардан өту үшін партияның барлық аймақтарының және бастауыш ұйымдары өкілдерінің нормасы туралы шешім қабылданады. Біз заңдарға, әсіресе саяси партиялар туралы заң мен партия жарғысына сәйкес қатаң түрде әрекет етеміз. Біздің құжаттарға сәйкес, сайлауға қатысу және үміткерлерді ұсыну туралы шешім тек съездің құзыретіне жатады», — деді партия көшбасшысы Азат Перуашев.

    www.inform.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp