Петропавл шекара отрядына қарасты “Жаңажол авто” бөлімшесінде “Ягуар” маркалы автокөліктің жүргізушісі ұсталды.
23 жастағы қазақстандық азамат Ресей Федерациясынан келе жатқан. Жүргізушінің құжаттарын тексерген шекарашылар күмәнданып, егжей-тегжейлі тексеріс жүргізуді шешті. Оның барысында көліктің ұрланғанын аңғартатын бірқатар жайттар анықталды. Кейін белгілі болғанындай, автокөлік шынымен ұрланған екен. Ал ұсталған азамат оны шекарадан өткізбек болған. Күдікті және ұрланған көлік Мамлют аудандық полиция бөліміне табысталды.