«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС ДАРЫНДАР АСУЫ

“Өнер колледжі – музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат” кешенінің студенттері мен оқушыларының кезекті рет асығы алшасынан түсті. Нұр-Сұлтан қаласында өткен 40-ыншы республикалық жас орындаушылар конкурсында жерлесіміз Алпамыс Жәдігерұлы үрлемелі аспаптар аталымында бірінші орынға ие болды. 300-ден астам дарындар бақ сынаған додада өнер колледжінің студенті Алина Қонаева да топ жарды. Ол Моцарт пен Гендельдің классикалық туындыларын орындап, жеке орындау аталымы бойынша 2-орынды жеңіп алды. Өнер колледжінің оқытушысы Мұрат Ыбыраевтың айтуынша, Алина – болашағынан зор үміт күттіретін талантты қыздардың бірі. Меццо-сопрано жоғары дауыста ән салатын бойжеткеннің арнайы музыкалық білімі болмаса да, ол өнер колледжіне оқуға түскен алғашқы жылдан бастап, түрлі конкурстарда жеңіске жеткен. Ұлттық музыкалық аспаптарды меңгерген жастар да өзгелерден мықты екендіктерін байқатты. Қобызшы қыздар Алтынжан Таупықова мен Әлемгүл Нұрлан қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Елордада өткен 3-інші халықаралық музыкалық теориялық пәндер конкурсында колледж студенті Алтынай Талкенова 3 дәрежелі дипломмен марапатталды. Алтынай – болашақ ұстаз. Ол білім сайысында сольфеджио және гармония пәндері бойынша жақсы нәтижеге қол жеткізген.

Ал, музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернаттың оқушылары Владислав Кашемиров пен Денис Живица Алматыда өткен республикалық конкурста труба аталымы бойынша 1-інші орынды жеңіп алды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp