«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛ ҮМІТІН АҚТАҒАН СПОРТШЫЛАР

ЕЛДОСТЫҢ ЖЕҢІСІ


Түркияның Анталия қаласында өткен Гран-при додасында белдескен қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов бас жүлдені олжалады.

Алаштың алтын асықтай ұлы 60 килограмм салмақтағы бастапқы бәсекелерде әзірбайжандық Оружа Вализаданы, болгариялық Валентин Алипиевті және бразилиялық Фелипе Китадаиды жеңген болатын. Жартылай финалда ұлыбританиялық Эшли Маккензиден басым түсті. Ал ақтық кездесуде өзбекстандық Кемран Нұрилаевтың жауырынын жер иіскетті. Елдос Түркиядағы турнирде барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтқанын айта кеткен жөн.

ЕКІ БЕЛДІК САРАПҚА САЛЫНАДЫ


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы өзінің алтыншы жекпе-жегінде бірден екі титул үшін айқасатын болады.
Отандасымыз “WBO Global” және “WBC Continental Americas” атақтары сарапқа салынатын бокс кешінде мексикалық Кристиан Оливаспен қолғап түйістіреді. Бұл Кристианның спорттық мансабындағы 21-ші жекпе-жегі. Бұған таңданысын білдірген америкалық менеджер Эгис Климас өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: “Алтыншы жекпе-жегінде-ақ “WBO Global” және “WBC Continental Americas” титулдары үшін бокстасатын Жәнібек Әлімханұлын мақтан тұтамын”, – деп жазған болатын.
Бұл жекпе-жекті 12 сәуір күні “Qazsport” телеарнасының тікелей эфирінен көруге болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp