Футболдан Испания премьер-лигасында “Барселона” Мадридтің “Атлетико” командасымен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Әйгілі “Камп Ноу” стадионында өткен матчта Лионель Месси мен Луис Суарес мергендік танытты.
Ойын барысында католониялық клубтың сапындағы аргентиналық шабуылшы Лионель Месси тағы бір рекордты жаңартты. Месси “Барселона” сапында 335-ші ойында жеңіске жетті. Бұл – Испания чемпионатындағы жаңа рекорд. Бұған дейін әйгілі қақпашы Икер Касильяс Мадридтің “Реал” клубы құрамында 334 мәрте жеңісті тойлаған болатын.
Сонымен қатар Месси Испания чемпионаты тарихындағы сұрмергендер көшін жеке-дара бастап келеді. Аргентиналық шабуылшы қарсыластар қақпасын 415 мәрте дәл көздеді. Екінші орында тұрған Криштиану Роналдуда 104 гол кем.