«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ СЪЕЗІ 23 СӘУІРГЕ БЕЛГІЛЕНДІ

«Nur Otan» партиясының Төрағасы  Нұрсұлтан Назарбаев партияның кезектен тыс XIX съезін шақыру туралы қаулыға қол қойды. 

Съез 2019 жылдың 23 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

Кеше Нұрсұлтан Назарбаев партияның орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілерімен кеңес өткізіп,  Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы науқанына  «Nur Otan» партиясы белсенді қатысуға тиіс екенін айтқан болатын.

— Бұл сайлау биліктің заңдылығын одан әрі нығайтып, елімізде тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қажет. Енді бізге партияның съезін өткізіп, ел президенттігіне кандидатура ұсынуымыз керек. Партияның аппараты съезді өткізу үшін қажетті жұмыстардың бәрін жылдам іске асыруға тиіс. Партиямыздың атынан кандидатура ұсынғаннан кейін Қоғамдық сайлау штабының жұмысын ұйымдастыру қажет. Бұл жұмыспен менің бірінші орынбасарым Мәулен Әшімбаев айналысады, — деді партия Төрағасы. 

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев сайлауды толығымен ел заңнамасына сәйкес және барлық демократиялық нормалар мен рәсімдерді сақтай отырып өткізу қажеттігіне назар аударды.   

 www.inform.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp