«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАРНА ТҮСУДЕ

Биыл наурыз айында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жұмыс берушілер 8,6 миллиард теңге аударды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін 2017 жылдың шілдесінен 2019 наурыз айына дейін жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлерден түскен аударымдар мен жарна көлемі 157,8 миллиард теңге болды. Қорға түскен қаржының 94,5 пайызын жұмыс берушілер аударған. Ал жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша жұмыс істейтін тұлғалардан қорға 8,7 миллиард теңге түскен.

Жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер жалдамалы жұмыскерлер үшін өз қаржысы есебінен жарна аударады және міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған төлемдер жұмыскерлердің жалақысына әсер етпейтінін атап өткен жөн.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp