«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СӘБИГЕ КҮТІМ ҚАЖЕТ

Мемлекеттің басты байлығы – адам. Тұрғындардың денсаулығын сақтау, ана мен баланың өмірін қорғау – кезек күттірмейтін мәселе. Бүгінде медициналық ұйымдар жүкті әйелдерді бақылауға алып, ана мен бала денсаулығына баса мән беруде. Сәби дүниеге келген күннен бастап оның даму, өсу кезеңі басты назарда болуы шарт.

Ересек адамда ағзаның қорғаныш функциялары бар, ал балалар бұл тұрғыдан әлсіз. Нәрестелерде іріңді-септикалық инфекциялар, тері аурулары көп кездеседі. Бұл сырқаттар баланың иммундық жүйесінің дамуына теріс әсер етеді. Сол себепті, алғашқы күннен бастап іріңді-септикалық аурулардың алдын алу керек.
Сәби дүниеге келгенде кіндігі кесіледі. Тазалық сақталмаған жағдайда бактериялар түсіп, кіндік жарасының қабынуы мүмкін. Аурудың асқынуы терінің некротикалық өзгерістерімен сипатталады. Әрбір ата-ана жаңа туған балаға үлкен жауапкершілікпен қарауы тиіс. Ананың уызына тойған бала жұқпалы ауруларға төзімді болады. Сондықтан сәби ана сүтімен қоректенуі керек.
Балаға дұрыс күтім жасауда алдымен тазалыққа мән берген жөн. Сәбиді белгілі бір уақытта тамақтандырып, жөргегін ауыстырып, шомылдыру қажет. Жаңа туған нәрестенің киімі мен төсегі таза болып, бөлмені желдетіп отыру маңызды. Өйткені, ауада көптеген инфекция қоздырғыштары болуы мүмкін. Қолайлы ауа райы болса, күн сайын екі сағат баламен серуендеу пайдалы. Сәбиді қымтап, қалың киіндіруге болмайтынын ата-аналардың есте ұстағандары жөн.

Жәния ӘБІШЕВА, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp