«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАҢЫЗДЫ ШЕШІМ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау өткізу туралы Үндеу жариялауы уақтылы әрі өте орынды жасалған қадам деп ойлаймын. Биылғы 9 маусым күні кезектен тыс Президент сайлауын өткізіп, еліміздің өркендеуі үшін еңбек ететін жаңа басшы тағайындауға барлығымыз атсалысуымыз керек.

“Біз Елбасының сара жолымен жүреміз. Халқымыз – біртұтас. Тәуелсіздігіміздің ең жоғары құндылығы ретінде мемлекетіміздің іргесі мығым”, – деп Қасым-Жомарт Тоқаев айтып өткендей, алдағы уақытта елімізді басқарып, халқымыздың игілігі үшін қызмет ететін басшымыз Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясаты мен ұзақ жылдар бойы көрсеткен тәжірибесін жалғастырса екен деймін. Осы күнге дейін әрбіріміз Елбасымызды қолдап, дауыс беріп, ол жүргізген саясатты жақтап келдік. Соның арқасында елімізде тыныштық, бейбітшілік, татулық орнады.
Елімізде білім беру, денсаулық сақтау салалары мен тұрғындарды әлеуметтік қолдау, өнеркәсіп салаларын жетілдіруге және дамытуға көп көңіл бөлініп отыр. Болашақта елімізде осы салалардың ары қарай дамуы, мемлекетіміздің өркендеуі үшін жаңа басшы таңдаудың маңызы зор. Сондықтан уақыт талабынан туған саяси, әлеуметтік, тарихи маңызы бар шешімді жүзеге асыру бағытында барлығымыз жұмылып, еліміз үшін дұрыс, маңызды шешім қабылдауға қатысуға тиіспіз.

 

Максим КАЛИНИН, “Green Park” демалыс аймағының директоры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp