«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АБАЙ ОҚУЛАРЫ

Қызылжар өңірінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін арттыру, көркем әдебиетті насихаттап, талапты жастарды анықтау мақсатында өткізілетін Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлері байқауының қалалық кезеңі өтті.

Байқауға қатысушылар биыл туғанына 125 жыл толатын Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров пен Сәбит Дөнентаевтың және 80 жылдығы аталып өтетін Фариза Оңғарсынованың шығармаларынан үзінділерді жатқа оқыды. Сарапшылар 17-29 жас арасындағы үміткерлердің көркем мәтінді оқу шеберлігіне, мәтінді таңдау талғамына, сахна әдебіне назар аударды. Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды қалалық бірінші гимназияның тарих пәнінің мұғалімі Алина Гайнуллина жеңіп алды, екінші орынға Петропавл құрылыс-экономика колледжінің студенті Әйгерім Ботпай, үшінші орынға № 20 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жанаргүл Қаппасова қол жеткізді.

Сайыс жеңімпаздары мен қатысушылары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp