
Петропавл қаласындағы №10 орта мектепте “Қалдықсыз ғаламшар” атты экологиялық акция өтті. Шараға облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Владислав Орлов, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайтадан өңдеумен айналысатын жергілікті компаниялардың өкілдері, ұстаздар қауымы мен оқушылар қатысты.
– “Қалдықтарға екінші өмір сыйла” ұранын ту еткен экологиялық акция осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін аталмыш шара облыс орталығындағы №32 және №21 орта мектептерде өткен еді. №10 орта мектептің оқушылары да жақсы көрсеткішке қол жеткізді. Болашақта осы шараға белсене қатысатын білім ошақтарының саны көбейсе, нұр үстіне нұр болар еді, – Владислав Вячеславович.
Акцияның қорытындысы бойынша бұл білім ордасының шәкірттері 7 тонна қағаз қалдықтарын жинаған екен. Бұл шарада белсенділік танытқан сыныптар жүлделі орындарға ие болып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Алдағы уақытта осындай шаралар жалғасын табатын болады.