Жамбыл ауданының орталық қонысында жас кәсіпкер Динара Омарова жеке әсемдік салонын ашты.
Бұған дейін 8 жыл шаштараз болып еңбек еткен Динараға өз ісін ашуға «Бастау» бағдарламасының және ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорының көмегі тиді. Аудандық кәсіпкерлер палатасында арнайы курстан өткен ол бизнес-жоба жасап, грантқа ие болды, оған қосымша 1,5 млн.теңге несие алды. Соның нәтижесінжде шаштараз салонына қажеті орын және құрал-жабдықтар сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
Өткен жылы Жамбыл ауданында 150-ден астам тұрғын кәсіпкерлік негіздерін оқып, олардың 42-сі қайтарымсыз грантқа ие болған, 24-і жеңілдетілген несие алып, өз ісін ашқан.