«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРА ҚҰРДЫМНЫҢ СУРЕТІ

Бельгияның Брюссель қаласындағы Еурокомиссияның штаб-пәтерінде өткен баспасөз мәслихатында “The Event Horizon Telescope” жобасының мамандары адамзат тарихында алғаш рет Қара құрдымның (черная дыра) фотосуретін таныстырды.
Сәуірдің 10-ы күні жария­ланған жаңалықтың адамзат баласы үшін ең құнды тұсы – Эйнштейннің жалпы салыстырмалық теориясын дәлелдеуге ықпал етуінде. Әрі тартылыс күші теориясын жетілдіруге де жол ашады. Әрине, жұртшылыққа таныстырылған фото біздің ұғы­мымыздағы сурет емес. Бұл радиотелескоптар арқылы жи­налған деректер негізінде жасалған дүние. Өйткені, Жерден 500 квинтиллион ша­қырым немесе 53 млн. жарық жылындай алыста орналасқан Қара құрдымның стандартты фотосын түсіру мүмкін емес. Сондықтан, “The Event Horizon Telescope” командасы бірнеше телескопты пайдалануға бе­кінген.
Жобаның авторы Шеп Доулман бастамасымен бес құрлықтағы 8 телескоптың жұмысы атом сағаттарының көмегімен сәйкестендіріледі. Нәтижесінде “Messier 87″ галактикасындағы Қа­ра құрдымды бақылайтын диа­метрі 12 мың шақырымды құрайтын виртуалды телескоп пайда болады. Бұл телескоптардың әрқайсысы 500 террабайт ақ­парат жинағандықтан, оны интернет арқылы обсер­ваторияларға жіберу мүмкін болмады. Сондықтан, деректер 1024 хард-дискге көші­ріліп, АҚШ-тағы Хайс­так обсерваториясы мен Гер­маниядағы Макс Планк инс­титутына жіберілді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp