Бүгіндері облысымызда мал шаруашылығын дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде.
— Жыл басынан бері мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында бір мыңға жуық сүтті және етті бағыттағы ірі қара әкелінді. Атап айтқанда, Аққайың ауданындағы “Дайындық-Агро” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Австрия елінен 491 бас жеткізді.
Қызылжар ауданындағы “Петерфельд Агро” ЖШС-і Чехия елінен жоспарлы 512 бас ірі қараның 160-сын сатып алды. Мағжан Жұмабаев ауданындағы “Успех” және “Жамабаев” жеке кәсіпкерліктері Ресейден сәйкесінше 40 және 50 бас қара мал сатып алды. Ал Уәлиханов ауданындағы “Пана” және “Ақбота” шаруа қожалықтары Ресейден герефорд тұқымды 60 және 53 ірі қара жеткізді, — дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Жаслан Уәлбеков.
Бұл жұмыстар өңіріміздің басқа аудандарында да жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта “Батт Агро” серіктестігі Чехиядан 90, Мағжан Жұмабаев ауданындағы “Агро комплекс Сулушок” шаруашылығы 50, ал Тайынша ауданындағы “Донецкое Нұрлы Жол” ЖШС-і 60 бас әкелуді жоспарлауда.