«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС АУҚЫМДЫ

Облыстық Сәбит Мұқанов атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында “Жаңғырған өлкем – болашағың көркем!” атты облыстық форум өтті.

Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға зиялы қауым, білім, мәдениет салаларының қызметкерлері мен кәсіпкерлер, қатысты. “Рухани жаңғыру” бағдарламасын жүзеге асыру, өлкетану жұмыстары арқылы ата-бабаларымыздың ұрпаққа қалдырған бай мұрасын сақтау мен қорғау, өскелең ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыру форумның басты мақсаты болды. Бұл шарада бағдарламаны жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстар сараланып, ауқымды міндеттер белгіленді. Кең ауқымда өткен форумның жұмысы туралы газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp