«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«ҚАҺАРМАН ДАҢҒЫЛЫ» АКЦИЯСЫНА ҮН ҚОСТЫ

Жеңіс күні қарсаңында Нұрсұлтан қаласында «Қаһарман даңғылы» акциясы басталған болатын.

Патриоттық акция  эстафетасын солтүстікқазақстандық жастар қабыл алып, Петропавлдағы «Мәңгілік алау» ескерткішінің маңын тазартты. Одан әрі акция Павлодар облысында жалғасады. Осылайша  акция еліміздің бүкіл өңірлерін қамтып, 8 мамырда Елордаға қайта оралады.

Жеңіс күніне дейін жасотандықтар, студенттер, оқушылар Отан қорғаушыларға арналған басқа да ескерткіштердің маңында, батыр бабалардың есімдерімен аталған көшелер, саябақтарда да осындай тазалық жұмыстарын жүргізбекші.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp