«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨЗБЕК ЕЛІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ЖЫЛЫ АШЫЛДЫ

Кеше Ташкенттегі Халықаралық форумдар сарайында  Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу салтанаты өтті. Шараға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Өзбекстан Президенті Шавқат Мирзиеев қатысты.

Салтанатты рәсім Әлібек Дінішев, Айман Мұсаходжаева, Медет Шотабаев, Нұрлан Бекмұхамбетов, Димаш Құдайбергенов, Мария Мудряк сынды  өнер  қайраткерлері мен  шығармашылық ұжымдардың гала-концертімен қорытындыланды. Өзбекстандық көрермендер назарына М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсынан үзінді, «Astana Ballet» театрының хореографиялық композициясы, «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің, К.Қожамьяров атындағы Мемлекеттік республикалық академиялық ұйғыр театрының және Мемлекеттік республикалық академиялық корей театрының орындауындағы қойылымдар ұсынылды. 

 www.inform.kz

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp