
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың әлеуметтік желілердегі «Әлеуетті аудитория» санатында рейтингі жақсы. Matritca.kz сайтының есептеуі бойынша, Құмар Іргебайұлының 1,5 млн. оқырманы бар. Сөйтіп, облыс әкімі төртінші орынға шықты.
«Әлеуетті аудитория» санаты дегеніміз – өңірлердің бірінші басшыларына қатысты сілтемелермен бөліскен және пост орналастырған авторлардың саны. Ендеше, біздің облыстың әкімі әлеуметтік жағынан белсенді блогерлердің қызығушылығын тудырып отыр деген сөз.
Ал әлеуметтік желілерде еске алу жағынан облыс әкімі екінші орында.
https://qzmedia.kz