Қызылжар өңірінде биылғы жылдың алғашқы тоқсанында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру 3,1 % артты.
Жаңа бордақылау алаңдарын іске қосу арқылы ет өндіру көлемін көбейтіп, жылына 58 мың тоннаға жеткізу көзделуде. Осы мақсатта облыста ет-сүт бағытындағы үш генетикалық орталық құру туралы келісім бар. Сонымен қатар, үстіміздегі жылы аудандарда 5 товарлы сүт фермасы пайдалануға берілмекші. Осылайша сүт жылына 570 мың тонна сүт өндірілетін болады.