Уылдырық шашу кезеңінің басталуына орай өңірдің өзен-көлдерінде балық аулауға тыйым салынды.
Бұл шектеу бір айға дейін созылады. Су жағасында қармақ ұстап отыруға әуес азаматтар мамырдың 20-на дейін балық аулауға шыға алмайды. Жағдай бақылауда болады. Тыйымға қарамастан ау салғандарға келтірген шығынына қарай АЕК-тің 10-250 есесі мөлшерінде айыппұл төлеуге тура келеді, тіпті қылмыстық жауапкершілікке де тартылуы мүмкін.