«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰРҒЫНДАР ИГІЛІГІ ҮШІН

“Мұнаймаш” акционерлік қоғамында өткен жиында кәсіпорын жанындағы бастауыш партия ұйымының төрағасы Спартак Пушкарев пен облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Бубенко еліміздегі білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау және бизнес саласындағы өзгерістер туралы әңгіме өрбітті.

Үстіміздегі жылдан бастап көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақының мөлшері 20789 теңгеге дейін ұлғайтылды. Өңіріміз бойынша бұл көмек түріне 6700 бала ие болмақ. Мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған екі мыңдай отбасына ай сайын 41578 теңге атаулы әлеуметтік көмек беріледі.

Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру мөлшерінің 40-тан 60 пайызға артуын да кәсіпорын мүшелері жылы қабылдады. Облыс орталығында көпбейінді аурухана салу жоспарланған. “Онда әр адам соңғы үлгідегі медициналық көмекке ие бола алады. Осызаманғы аурухананы білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесі де шешімін табуда. Медбикелер мен санитарлардың еңбекақысын өсіру мақсатында бюджеттен қомақты қаржы бөлінеді”, – деді Владимир Бубенко.

Жиын барысында көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй салу мәселесі де қозғалды. Облысымыз бойынша 341 көпбалалы отбасы баспанаға мұқтаж. Алдағы уақытта 226 пәтерді көпбалалы отбасыларға жалға беру көзделген.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp