«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҰҒАЛІМДЕРГЕ АҚША ТӨЛЕМЕГЕН

Облыстық прокуратура білім беруде мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қорғауды тексеріп, 36,3 млн. теңгені құрайтын елуден астам заң бұзушылықты анықтады. Қорытындысы бойынша прокурорлық қадағалаудың 34 актісі енгізіліп, 17 адам тәртіптікжауапкершілікке тартылды.

Заң бұзушылықтардың дені білім беру ұйымдарының инклюзивті оқыту талаптарына сәйкес келмеуіне, яғни, тиісті түрде жабдықталмауына, педагогтарға қажетті қосымшаақының төленбеуіне, олардың біліктілікті арттыру курстарынан өтпеуіне қатысты. 2018-2019 оқу жылы бойы педагогтардың базалық еңбекақысына 40 пайыз көлемінде қосымша төленбей келген. Прокуратураның араласуынан кейін 2802 мұғалім жалпы сомасы 18 млн. теңге қосымшаақы алды. Сондай-ақ, педагогтардың біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылды. Инклюзивті білім беруді дамытуға қатысты өңірлік бағдарлама әзірленуде.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp