
Үстіміздегі аптада Петропавлға тасқын судың екінші толқыны жетеді деп күтілуде. Тасқын Ақмола облысы жағынан жақындап келеді. Облыс орталығындағы гидроторапта өткен тәулікте судың деңгейі 24 сантиметрге көтерілгені байқалды. Бірер күнде Заречный маңындағы саяжайларды су басуы мүмкін. Қызылжар ауданындағы Новониколькое селосы тұсында да судың деңгейі жоғарылауда.