
Солтүстік таэквондошылар Екібастұз қаласында өткен дүбірлі додалардан жүлделі оралды.
Жастар арасында өткен Қазақстан Кубогында 50 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түскен Дарья Назарова арнайы техникада жеңімпаз атанса, жеке спаррингте үшінші орындарға ие болды. «Ekibastuz Open» халықаралық турнирінде қарсылас шыдатпаған жерлесіміз тағы екі алтын медальды қанжығасына байлады.
Тағы бір жерлесіміз Наталья Бондаренко ел Кубогында 52 килограмм салмақ дәрежесінде сайысып, арнайы техникада екінші болса, жеке спаррингте үздік үштікті түйіндеді. Ал Камилла Ахмеджанова 58 килограмм салмақта жеке спаррингте күміс жүлдегер атанды.