Қызылжар өңіріне жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова және Үкімет мүшелерінің қатысуымен өткен облыстық әкімдіктегі жиналыста «Мәңгілік ел жастары — индустрияға» және «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламаларының жүзеге асырылуы әңгіме арқауына айналды.
Жиналысты Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова жүргізіп отырды. Облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев бағдарламалардың орындалуы туралы баяндама жасады. Біздің облыста «Серпін» бағдарламасы аясында 1254 студент оқып жатыр. Оларға 1 миллиард теңге бөлінген. Жиналыста Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова, Түркістан және Павлодар облыстары әкімдерінің орынбасарлары Ербол Садыр, Асхат Оралов бейнебайланыс арқылы сөйледі.