«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ КОМИССИЯ ҚҰРЫЛДЫ

Бүгін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы жанынан  2019 жылдың 9 маусымында өтетін  кезектен тыс Президент сайлауында Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидаттардың мемлекеттік тілде еркін  меңгергенін анықтайтын Лингвистикалық комиссия құрылып, оның мүшелері бекітілді.

Орталық сайлау комиссиясының Білім министрлігімен, жетекші оқу орындарының ректорларымен бірнеше кеңес өткізіп, ақылдасуы нәтижесінде Лингвистикалық комиссияның құрамына  кіруге лайықты тұлғалардың тізіміне Мырзатай Жолдасбеков, Әділ Ахметов, Ғарифолла  Есім,  Серік Қасқабасов, Гүлтас Құрманбай, Ерден Қажыбек сынды есімдері елге белгілі филолог-ғалымдар енгізілді.  

 www.inform.kz

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp