«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСІРТКІ ЖЕТКІЗУ АРНАСЫ ЖОЙЫЛДЫ

Облыс орталығында героин таратумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді. Еліміздің оңтүстік аймақтарынан Петропавл қаласына марихуана жеткізу арнасы анықталып, жойылды.  Заңсыз айналымнан 73 килограмнан астам әртүрлі есірткі заттары алынды, оның 71,9 грамы героин. 

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында облыс полицейлері  есірткі құралдарының заңсыз айналымы саласында 93 құқық бұзушылығын  анықтады.

-Жастарды нашақорлыққа тартуға қарсы күреске  адамдардың бейжай қарамауы маңызды, — дейді есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Жандос Басыбаев. Синтетикалық психикалық белсенді заттарды тарату интернет және мобильдік қосымшалар арқылы жүзеге асырылады. Есірткі заттарсататын сайттардың мекенжайлары үйлердің қабырғаларында трафаретпен жазылады. Полиция  қызметкерлері петропавлдықтардың хабарламаларынан белгілі болған 157 жазбаны өшірген. Есірткінің трафареттік жарнамасын байқаған адамдар пәтер иелері кооперативіне  жүгіне алады. Көптеген ПИК төрағалары полицейлермен  ортақ «WhatsApp» чатында тіркелген, олар жазулар немесе күдікті тұлғалар байқаған кезде тәртіп сақшыларына жедел хабарлайды.

Облыс орталығы аумағында соңғы кездері психикалық белсенді заттарды жарнамалайтын және таратумен айналысатын 72 интернет-ресурс анықталып, жабылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp