«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«КӨРШІЛЕР БАҚЫЛАУЫ» НӘТИЖЕЛІ

Жыл басынан бері Петропавл қаласының полицейлеріне «Көршілер бақылауы» бағдарламасы бойынша қалалықтар  206 рет хабарласты. Тек 23 жағдайда ғана мәлімделген деректер дәлелденбеді, — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Петропавл қалалық полиция басқармасының бастығы Жандос Мұқатовтың айтуынша, «Көршілер бақылауы» бағдарламасы бойынша хабарласқан адамдар негізінен көркейту ережелерін бұзу, белгіленбеген жерлерде сауда жасау, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу, яғни контрафактілік алкоголь өнімдерін сату  жайлы хабарлайды. Мәселен, «Казахстанская правда» көшесінде тұратын петропавлдық заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып келген. Бара-бара оның саудасы көршілеріне зиянын тигізе бастаған. Себебі, ішімдік сатып алғандардың көбінің тұрғылықты жері болмағандықтан, сол үйдің маңайында арақ ішетін болған. «Көршілер бақылауы» бағдарламасының арқасында заңсыз кәсіпкер жауапкершілікке тартылды. Порфирьев, Урожайная, Астана, Щорс, Ломоносов, Первомайская көшелерінде де дәл осындай мәселе оң шешімін тапты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp