Өрт қауіпсіздігін елемеудің салдарынан биылғы жылдың басынан бері өңір аумағында 167 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте өткен баспасөз мәслихатында ведомство бастығының орынбасары Нұрлан Атығаев мәлімдеді.
– Пеш пен электр аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы салдарынан 11 адам қаза тапса, 8 азамат әртүрлі дене жарақатын алды. Ал материалдық шығын өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда едәуір азайды. Өрт оқиғаларының 80 пайызы жеке тұрғын үй секторына тиесілі, – деді Нұрлан Бауыржанұлы.
Жыл басынан бері облыста 14 иіс тию фактісі тіркеліп, салдарынан бір адам қаза тапқан. Зардап шеккен 25 азаматтың сегізі – бала.
Игорь БАЛЕЕВ, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің басқарма бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғау майоры.