Сенбі күні Петропавлдағы Жеңіс саябағында мемлекеттік қызметшілер ағаш отырғызып, демалыс орнын көгалдандыру ісіне атсалысты.
Бұл күні саябақта 20 шырша және 30 қайың көшеті орналастырылды.
Жалпы қалалық әкімдіктің жоспары бойынша биыл көктемде облыс орталығында 3 мыңнан астам жас ағаш отырғызылмақшы.