Қазақстанда 24-30 сәуір аралығында иммундау апталығы өтеді.
Апталықтың мақсаты — халықты вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы хабардар ету, иммундауға сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру, егу шараларымен толық қамту болып отыр.
Мамандардың мәліметтері бойынша, екпенің арқасында соңғы 10 жылда дифтерияға шалдығудың бірде-бір жағдайы тіркелмеген, соңғы 20 жылда сары ауруға шалдығу 40 есеге төмендеген.