«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРЕКШЕ ЖЫЛЫЖАЙ САЛЫНУДА

Облысымызда шыны шөлмектен тағы бір жылыжай салынуда. Өңірдегі ерекше нысан шал­ғай­дағы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданың Нежинка ауылында бой көтеруде.
Жылыжай “Нежин­ка-Ерке” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Мұрат Жұма­бе­­ковтың бастамасымен тұрғызылуда. Шаруашылық жетекшісі ғимараттың жо­­басын ғаламтордан алып, жер­­гілікті жердің климатына ың­­ғайластырған. Жыл соңында пайдалануға берілетін нысанның құрылысына қажетті шыны шөлмектің 100 мыңға жу­ыға жиналған.
Жер­гілікті кәсіпкердің тың идеясы туралы алғаш естігендер бұл бастамаға күмәнмен қарауы мүмкін. Бірақ осыдан он бір жыл бұрын дәл осындай жылыжайдың салынғанын біреу білсе, біреу білмейді. Ол кезде құрылыс материал­дарының орнына 160 мыңға жуық шыны шөлмек жұмсалған еді. Ұзындығы 25 метр, ені 16 метр болатын жылыжайдың мең­герушісі Татьяна Са­вен­кованың айтуынша, бүгінде мұнда кө­к­өніс пен гүлдің жиыр­маға тарта түрі өседі. Шатыры поликарбонатпен қап­талып, жылы болуы мұ­қият ескерілген. Орташа жылы­лық 20-25 градус болса, жаз мез­гілінде 40 гра­дусқа дейін жетеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp